Қазақстан жанармай импортына тыйым салу мерзімін тағы ұзартты

2020-07-15 13:00:42
Бұл шара – уақытша және 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі.

«Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Энергетика министрінің а.ж. 27 наурыздағы бұйрығын уақтылы бекіту өндірілетін және тұтынылатын мұнай өнімдерінің көлемі арасындағы ыңғайлы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (бұйрықтың қолданылу мерзімінің аяқталуы – ағымдағы жылғы маусым айы).

Сонымен қатар, бүгінгі таңда ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің қорлары едәуір жоғары деңгейде, қосымша импорттық отын көлемі түсетін болса, бұл отандық мұнай өңдеуге кері әсер етуі мүмкін, атап айтқанда:

- қазақстандық МӨЗ-ден мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту көлемін төмендетуге;

- зауыттық резервуарлық парктердің, сондай-ақ елдегі барлық мұнай сақтау базаларының толып кетуіне;

- соның салдарынан, мұнай өңдеуді мәжбүрлі түрде төмендетуге әкеп соғады, бұл дизель және авиациялық отын сияқты мұнай өнімдерінің басқа да бағалы түрлерін өндіруді төмендетуге алып келеді.

Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасына теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен бензин, авиациялық және дизель отынын әкелуге тыйым салуды енгізуде.

 

Последние новости

15.07.2020
Опубликован список посмертно награжденных медиков Казахстана
15.07.2020
42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды
15.07.2020
Экология министрлігі Марқакөлде браконьерлікпен күресу шараларын қабылдады
15.07.2020
Отандық дәрі-дәрмек өндірушілер үш ауысыммен жұмыс істеп жатыр -вице-министр
15.07.2020
Қытай елшілігі Қазақстандағы «белгісіз өкпе қабынуына» қатысты ақпаратын түзеді – СІМ
15.07.2020
Қазақстан пневмониядан болған өлімді коронавирустан деп тану туралы келіссөз жүргізіп жатыр
15.07.2020
Шымкентте қаза болған дәрігерлердің отбасына 1 млн теңгеден беріледі
15.07.2020
В Минздраве ответили на жалобы инвалидов на отсутствие преднизолона в аптеках