42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды

2020-07-15 13:00:42
Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қаржы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне карантин кезінде төленетін мемлекеттік төлемді қайта қарауды және баласы бар отбасыларға 42 500 емес, одан да көп төлеуді ұсынды, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брифингі кезінде балалар омбудсмені қазіргі таңда қазақстандық экономистер осы іске қосылып, карантин кезінде өмір сүруге қанша қаражат керек екенін есептеуі керек екенін атап өтті.

"42 500 теңгемен келіспеймін. Қолдау шаралары бала санына байланысты төленуі қажет деген ұсынысым бар. 42 500 теңгені бір адамға жеткізуге болады, алайда балалары бар отбасыларға бұлай жасау қиынға соғады", - деді Саин.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл карантин кезінде мемлекеттік төлемдерге жауапты мемлекеттік органдарға Ресей тәжірибесіне назар аударуды ұсынды. Ол Ресейде көмек балалар санына байланысты жасалғанын атап өтті.

"Жаңа карантин барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Қаржы министрлігі мен еңбек министрлігі бұл шараларды шұғыл түрде қайта қарайды деп үміттенемін", - деп нақтылады Аружан Саин.

14 шілдеде Қазақстан үкіметі карантинді күшейту кезінде жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін 42 500 теңге жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Жәрдемақы жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың өтінімдері негізінде төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 шілдеге дейін қажетті төлем механизмін дайындайтынын айтты, ал 20 шілдеден ақша қазақстандықтардың шотына түсе бастайды.

 

Последние новости

15.07.2020
Экология министрлігі Марқакөлде браконьерлікпен күресу шараларын қабылдады
15.07.2020
Отандық дәрі-дәрмек өндірушілер үш ауысыммен жұмыс істеп жатыр -вице-министр
15.07.2020
Қытай елшілігі Қазақстандағы «белгісіз өкпе қабынуына» қатысты ақпаратын түзеді – СІМ
15.07.2020
Қазақстан пневмониядан болған өлімді коронавирустан деп тану туралы келіссөз жүргізіп жатыр
15.07.2020
Шымкентте қаза болған дәрігерлердің отбасына 1 млн теңгеден беріледі
15.07.2020
В Минздраве ответили на жалобы инвалидов на отсутствие преднизолона в аптеках
15.07.2020
В Казахстане ждут ответа ВОЗ по учету пневмонии и коронавируса
15.07.2020
Почему "СК-Фармация" 2 месяца не распределяла гумпомощь, ответили в Минздраве