Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 100 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Оның ішінде 60 адамнан аурудың белгілері байқалмаған. Ал 40 науқаста коронавирустың белгілері байқалған. Осылайша, ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны 3012-ге жетті. Оның ішінде 1 179 науқас дертінен айықты.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 59 899 дерегі тіркелді. 34 190 науқас жазылды, 375 адам қайтыс болды.