ҚМДБ: Бүгін барлық өңірде құран хатым дұғасы жасалады
Осыған орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі республикалық, облыстық ірі-ірі мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 (жүз) Құран Хатым оқылуда.
Бүгін елорда уақытымен сағат 13:00-де осы күндері қариларымыз оқып жатқан Құран Хатымның дұғасы жасалады. Ал бас мүфтидің қатысуымен республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына ҚМДБ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға мүмкіндік бар.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман қауымын осы күндері шама келгенше Құран оқып, Алланы зікір етіп, кешірім тілеп және Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеп салауат айтып, республика имамдарымен, қариларымен 13 шілде күні бір мезетте ел амандығы үшін дұға жасауға шақырады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.