Павлодарда Ертіс өзеніне ағып кеткен мас әйел құтқарылды
Спирттік ішімдік ішкен әйел өзеннің ортасындағы аралға дейін жүзіп бармақ болыпты. Алайда, өзеннің ағысы оны ағызып әкеткен. Туыстары дереу «112» номерына хабарласып, құтқарушыларды шақырған. Абырой болғанда, мамандар дер кезінде жетіп, әйелді жағаға алып шықты.
Сондай-ақ, осы күні Ақсу қаласында қайғылы оқиға болды. Белая өзеніне шомылуға барған жастар алкогольді ішімдік ішіп, 21 жастағы бойжеткен муға батып кетті. Оны құтқарып қалу мүмкін болған жоқ. Қызды құтқарамын деп суға секірген досы да су түбіне кеткен. Бірақ оны сол маңдағы куәгерлер жағаға аман алып шықты. Бойжеткеннің денесі әлі табылған жоқ.
«Облыс орталығынан Ақсуға сағат 14:40-та жеткен сүңгуірлер тобы өзеннің түбін бірнеше сағат бойы тексергенмен қаза тапқан қыздың денесін таба алмады. Қараңғы түскен соң құтқару жұмыстары тоқтатылып, іздеу жұмыстарын тәуліктің жарығымен қайта жалғастыру туралы шешім қабылданды. Іздеу жұмыстары бүгін таңертең қайта басталды», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.