Омбы облысында Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери госпитальде ем қабылдап, ауыр жарақатынан айыққан қазақ солдаты Кемел Тоқаевтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Игі бастаманы жергілікті қоғам белсенділері көтерген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тарихқа көз жүгіртсек, сұрапыл соғыс жылдарында Омбы қаласында 45 эвакуациялық госпиталь болды. Сол сәтте Омбыға Кеңес Одағының үздік дәрігерлері шақырылды. Олар қан майданнан оралған жауынгерлерді емдеп, аяққа тұрғызды. Жергілікті үкіметтік емес ұйым өкілдері соғыстан оралғандардың есімдерін келер ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді. Мәселен, соңғы сегіз жыл ішінде ұмыт қалған 1400-ге жуық солдаттың тізімін жасаған. Айта кетейік, әскери госпиталь бүгінгі күне де жұмысын жалғастыруда. Соғыс басталғанға дейін оның ғимаратында қалалық емхана мен қазақ педагогикалық училищесі жұмыс істеген.
Омбы облысындағы Шоқан Уәлиханов атындағы қоғамдық ұйымның басқарма төрағасы Махаббат Көптұровтың айтуынша, 1945 жылдың ақпаны мен маусымы аралығында сержант, қазақтың атақты жазушысы, драматург Кемел Тоқаев осы госпитальде ем қабылдаған.
Осы жылдың басында Омбы қаласының топонимикалық комиссиясы тарапынан келісім алдық. Кейін Омбы қалалық кеңес депутаттарынан мемориалдық тақта орнату жөнінде рұқсат алдық. Ескерткіш тақта Санкт-Петербург қаласында әзірленді. Туындының авторы, мүсінші - Мейрам Баймұханов. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында шаралар кешенін өткізуді жоспарлап жатырмыз, - дейді Махаббат Көптұров.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии