Маңғыстау облысында итбалықты таспен атқандар анықталды
"2020 жылдың 6 шілдесінде Маңғыстау облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аймақтық инспекциясы Қарақия ауданындағы полиция бөлімшесіне итбалықты таспен атқан белгісіз біреулердің атына шағым жазды.
Аталған дерек бойынша полиция кінәлілерді анықтады, жайт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексі 316-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Достар! Жабайы жануарларды көрген кезде арақашықтықты сақтап, сақ болуларыңызды сұраймыз", - деді Сәкен Ділдахмет.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда жағалауда демалып жүргендер итбалықты ұрып тастағаны хабарланған. Олар жануарды фотоға түсу үшін таспен атып тастаған болып шықты.
Оқиға Құрық аулындағы жағалауда 6 шілдеде болған көрінеді. Куәгерлердің мәліметінше, ересек адамдар жағалауда итбалықты көріп, оны таяқпен және таспен ұра бастаған.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.