"3 күн ішінде 24 мыңнан аса дәрі мен 9000 тест тәркіленген". Алматыда жерасты дәріханасын ашқандар ұсталды
"3 күн ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді. Тінту кезінде 24000 дәрі-дәрмек құралдары бар 1200 пакет, сондай-ақ, жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын COVID-19 анықтайтын 9000 экспресс-тест алынды. Тәркіленген заттардың арасында қытайлық парацетамол да болды. Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталуда. Барлық осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов.
Криминалдық полиция Басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ЭТД-мен бірлесіп опа-далап сататын дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі азаматты ұстады. Дүкенде қызметтің осы түріне лицензиясы болған жоқ. Тергеу барысында аталған мекемеде әр түрлі 11 мыңнан астам дәрі-дәрмек және жалпы сомасы 1 миллион 119 мың 200 теңгені құрайтын 100-ден астам ампула тәркіленді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.