Пневмониясы бар қазақстандықтардан неге ПТР тестілеу коронавирусты анықтамауы мүмкін?

2020-07-03 11:00:48
Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова пневмониясы бар кей науқастарда неге коронавирусқа тест теріс нәтиже көрсетуі мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Соңғы уақытта пневмония диагнозы қойылған науқастарды ПТР-зерттеу кезінде тест нәтижесі (коронавирусқа) теріс шығатынын байқап жүрміз. Олай болуы мүмкін, өйткені жоғарғы тыныс алу жолдарындағы коронавирус инфекциясы төменгі тыныс алу жолдарына түседі, сол кезде ПТР оң нәтиже көрсетпе бермейді", - деді Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.

Тесттердің немесе жүргізілетін зертханалық зерттеулердің сапасы жайлы айта келе, ол Қазақстанда Ұлттық референс-зертхана бар екенін түсіндірді, жүргізілген зерттеулердің сапасын тексеру үшін COVID-19-ға сараптама жасайтын барлық зертхана меншік нысанына қарамастан өз сынамаларының бір бөлігін міндетті түрде осы референс-зертханаға жібереді.

"Бүгінде бізде тестілер дұрыс емес немесе зерттеулер қандай да бір қателіктермен жүргізіліп жатқанын растайтын мәлімет жоқ", - деп толықтырды ол.