Алматы облысында алаяқтар өзін өрт сөндіруші ретінде таныстырып жүрген

2020-06-30 15:00:43
Алматы облысында өздерін өрт сөндірушілер ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам мен әйел адам әрдайым бір қылмыстық схема бойынша әрекет еткен. Олар азық-түлік дүкендеріне тексеріспен келіп, онға жуық дүкен иесін алдап кеткен. Ескелді ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудандағы ауылдардың бірінің 46 жастағы азық-түлік дүкен иесі екі белгісіз адамға қатысты шара қолдану туралы арызданған. Өздерін өртке қарсы қызмет қызметкерлері ретінде таныстырған күдіктілер алдау жолымен дүкен иесінің ақшалай қаражатын иемденіп кеткен.