Назарбаевтың келіні қайтыс болды
"Гүлжан кеше қайтыс болды. Бүгін жерледі. Ол кісінің бұрыннан жүрегі ауырады екен, содан қайтыс болды, басқа ауру емес", - деді Айша Оразбай Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Айтуынша, Елбасының келіні Шамалған ауылының маңындағы Шұбарат зиратына жерленген.
"Шұбаратқа жерледі. Ол жерде тұңғыш президенттің әке-шешесі жатыр. Бірақ, карантинге байланысты ешкімді кіргізбеді", - деді ол.
Болат Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі. Қазір жасы 67-де. Ашық деректерге сүйенсек, Елбасының бауыры "Салиқалы Ұрпақ" қоғамдық қорының негізін қалаушы, BN Invest холдингінің жетекшісі. Бірнеше рет үйленген.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.