«4 апталық локдаун»: жаңа Денсаулық сақтау министрі коронавируспен күрестің 3 сценариін айтты
Бірінші сценарий. Карантин енгзілімейді. Тамыз айының соңына қарай күн сайын орта есеппен 27 мың адам COVID-19 вирусын жұқтырады және ауруханаға жатуға мұқтаж болады. Ауруханаларда 300 мың төсек-орынға дейін қажеттілік туындайды.
Екінші сценарий. 2 апталық локдаун енгізу. Бұл жағдайда күнделікті ауру жұқтыратындар саны орта есеппен 7 мың адамды құрайды және оларды ауруханаға жатқызу мәселесі туындайды. Тамыз айының соңына дейін ауруханаларда 80 мың төсек-орынға қажеттілік болады.
Үшінші сценарий. 4 апталық локдаун енгізу. Тамыз айының соңына қарай тәуліктік жұқтыру көрсеткіші 2500 адамды құрайды. Аурухана төсек-орнына қажеттілік 30 мыңға жетеді.
«Осы үшінші болжамды ең тиімді деп есептеймін. Біз халық арасында вирустың таралуына шектеу қойып, инфрақұрылымды дайындап үлгереміз», - деді министр.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.