Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ақылы ПТР-тест жасауды тоқтатты
"Қазақстан Республикасы бас санитар дәрігерінің 2020 жылдың 25 маусымдағы №43 қаулысы негізінде COVID-19 бойынша зертханалық тексеруді ақылы жүргізу тоқтатылды", - делінген ұлттық орталықтың сайтында.
Тегін тест тапсыру бойынша азаматтар емханаға жүгіне алады, делінген ұлттық орталықтың сайтында.
"Біз жеке тұлғаларды қабылдамаймыз, бұл жерде аурухана, емхана, медицина қызметкерлері мен әскерилер тест тапсырады", - деді орталықтың баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Sputnik денсаулық сақтау министрлігінен бас санитар дәрігердің 25 маусымдағы қаулысын түсіндіруін сұраған болатын.
Айта кетейік, 29 маусымда бірқатар жеке зертхана ақылы ПТР-тестілеу жүргізуді қайта бастады.
Соның бірі Алматыдағы Medical Partners Korea ПТР тест тапсыру мобильді зертханасы. "Нұрлы Тау" мобильді орталығында тест тапсыру қайта іске қосылды, сондай-ақ, "Халық Аренада" жаңа мобильді пункт іске қосылады. Олар таңғы тоғыздан 16.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді.
Тіркеу уақытша сол жерде жасалады, алайда болашақта онлайн тіркеу де іске қосылады. Төлем карта арқылы жасалады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.