Осы жазда қазақстандықтар қайда демалуға барады?

2020-06-22 11:00:45
Коронавирус пандемиясы еліміздің бизнесі мен экономикасына елеулі нұқсан келтіріп қана қоймай, қазақстандықтардың жазғы демалысына қатысты жоспарларына да әсер етті. IDF Eurasia тобы (Solva МҚҰ және Moneyman брендтері) жүргізген зерттеулер көрсеткендей биыл демалысқа баратындардың саны аз екен.

Ағымдағы жыл қазақстандықтарға пандемиямен ғана емес, сонымен қатар адамдардың барлығы үйлерінде оқшауланумен және жаз мезгіліндегі көптеген адамдардың «жұмыс» - «демалыс» әдепті циклінің өзгеруімен есте қалатыны сөзсіз.
Solva микроқаржылық ұйымы жүргізген зерттеуге сүйенсек, көптеген қазақстандықтардың биыл демалысқа бару туралы арманы бірнеше себептер бойынша жүзеге аспайтындығы анық болды.

Осылайша «Демалуға қайда барасыз?» деген тақырып бойынша сауалнамаға қатысқан 1500 респонденттердің 70%-ы жұбайының (жарының) жұмыссыз қалуына байланысты отбасылық бюджет мөлшерінің төмендеуіне байланысты ешқайда бармайтындығы туралы айтқан.

Мысалы, жарнама саласындағы шағын өндірістің фирманың қызметкері Гульмира К. карантин кезеңінде оны және ұжымындағы көптеген қызметкерлерді мәжбүрлі демалысқа жіберіп, оларда жұмыс істеу мүмкіндігі болмаған. Гульнара 42500 теңге мөлшерінде жәрдемақы алуына қарамастан қарыз алуға тура келгендігі туралы айтты.

«Көктем бойы біздің отбасымызда тек қана күйеуім жұмыс істеді. Оның табысы жақсы болуына қарамастан бес адамнан тұратын отбасы үшін қиыншылықтар туындады. Мамыр айының ортасынан бастап мен қайтадан жұмысқа шықтым, алайда демалыс болмайтыны анық. Осылайша биыл демалыс туралы ойланып жатқан жоқпыз» - деді Гульмира.

Шамамен сауалнамаға қатысқан 30% респонденттер жеке кәсіпкерлер болып шықты. Олардың кейбіреулері карантин себебінен бизнесінен айырылса, кейбіреулері өз ісін қалпына келтіруге тырысса, басқалары табыстың басқа көздерін табуды ойластырып жүр.

«Мен шағын интернет-дүкенім бар еді, бау-бақшаға арналған түрлі құрал-саймандарды сататынмын. Әдетте көктемде сұраныс болатын еді, алайда биыл алдыңғы жылмен салыстырғанда сұраныс, өкінішке орай, азайды. Осылайша «демалысқа» деп жоспарлаған қаражатымды карантин кезінде «жараттым», сол себептен демалыс туралы ойласам да, оны кейінге қалдыруға тура келеді» - деді Алматы қ. Анвар О.

Сонымен бірге көптеген қазақстандықтар демалысқа тіпті олар қаласа да жұмыс беруші тарапынан демалыстың берілмеуіне байланысты бара алмайтын болып шықты. Олардың саны сауалнама қатысушыларының 50%-н құрады. Осылайша өңірлік дәрі-дәрмек кәсіпорындарының қызметкері ол жеке шоғырлануда болған екі айдан аса мерзім қағаз жүзінде демалыс ретінде ресімделгендігі туралы айтты.

«Жұмыс орнымыздан мемлекеттік жәрдемақыға өтінім бермеуді өтінді, оның орнына бізге демалыс үшін ақы төленді. Енді жұмыс қайтадан басталған кезде бізде демалыс жоқ. Басшыларымыз демалыс аяқталғандығы туралы айтты» - деді Алматы облысының тұрғыны Елена С.

Алайда карантин кезінде қашықтықтан жұмыс істеген және жалақыны толық көлемде алған қызметкерлердің ішінде екі апта және одан көп күнге еңбек демалысын алу мүмкіндігі бар респонденттерде өз қаласынан асып ешқайда демалысқа бармайтындығы туралы айтты.
Ұйымдастырылған сауалнамаға сәйкес мұндай пікірді 80% қатысушылар білдірген. Респонденттер себеп ретінде қажетті қаражаттың болмауын көрсеткен. Ішкі туризм бағыттарында аса танымал Алакөл, Бурабай, Бұқтырма су қоймасы және Ақтау қ. пансионаттарындағы демалу құнының артуына байланысты көптеген қазақстандықтар демалыстан бас тартатындығы анық.

«Әрине, демалысқа барып келуге болады, алайда құны тым жоғары болатыны сөзсіз. Бізді күзде не күтетіні түсініксіз, сол себептен күтпеген жағдайларға тап болмас үшін ақшаны жаратпай жинаған дұрыс деп санаймын» - деп өз пікірін Алматы қ. компанияларының бірінде менеджер болып жұмыс істейтін Қуаныш қорытындылады.

Бұл ретте сауалнама қатысушыларының барлығы дерлік Қазақстанда және шетелде карантиннің қайталану ықтималдылығына қатысты қаупі бар екендігі білдірген. Мұндай жағдайда шетелде белгісіз мерзімге қалу ықтималдығы бар екендігі тағы бар. Осы көктемде мемлекеттер арасында ұшақтардың ұшпауы себебініне көптеген туристер бөтен елде ақшасыз қалған жағдайлар да тіркелген.

Бұған қоса тіпті шетелде емес, тіпті отандық курортта да қалып қалу қаупінің болуына байланысты қазақстандықтар тіпті еліміздің ішінде алысқа саяхат жасаудан бас тартуда.

Нәтижесінде тек қана 5% респонденттер танымал курорттарға қатысты шектеулер алынғаннан кейін жазда шетелге демалысқа баруды жоспарлап отырғандығы туралы айтты. Осылай жауап қайтарған респонденттерге жоғары баға, шетелде қалып қалу қаупі де қорқынышты емес екен, себебі олардың қаржылық мүмкіндіктері бар.

«Біз әрқашан шетелге шығамыз, сол себептен шектеулер алынғаннан кейін саяхаттау жоспарымызда бар. Ең бастысы, гигиена ережелерін сақтап, бетпердені киіп жүру қажет» - деді Алматы қ. тұрғыны Динара С. Оның айтуынша шетелге отбасымен саяхаттауды олар біраз уақыт бұрын жоспарлаған және қажетті соманы бөліктермен жинаған.