Қазақстан Жапонияға жылқы етін экспорттайды

Поделиться:
Қазақстан Жапонияға жылқы етін экспорттайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Өткен жылы Қытай Халық Республикасымен шошқа етіне, сүт өнімдеріне, жүнге арналған ветеринарлық талаптар, зығыр тұқымына, бидай ұнына және құрамажемге қойылатын фитосанитарлық талаптар келісілді. Бірнеше жыл бұрын Қытай Халық Республикасы енгізген аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер алынып тасталды. Бұл өз кезегінде қазақстандық ет өнімдері үшін ҚХР нарығына жол ашты», - деді министр.

Сондай-ақ ол Қазақстаннан Иранға союға арналған тірі ірі қара малды, сиыр етін, ұсақ малдың субөнімдерін, тағамдық жұмыртқаны экспорттауға қойылатын ветеринарлық талаптар келісілгенін айтты.

«Жапонияға жылқы етін экспорттауға арналған ветеринарлық сертификат келісілді. Бұл отандық өнімді үшінші елге экспорттауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан шығарылатын АӨК экспорты Қытайға - 50,5 пайызға, Парсы шығанағы елдеріне - 3,2 есе, Орталық Азия елдеріне - 7,4 пайызға, ЕАЭО елдеріне 8,2 пайызға ұлғайды. Жалпы АӨК экспорты өткен жылдың қорытындысы бойынша 6,4 пайызға өсіп, 3,3 млрд АҚШ долларын құрады», -деді Сапархан Омаров.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также