Қарағандыда төтеншеліктер үйде қамалып қалған қызды құтқарды Бүгін, 12:32

Поделиться:
Өткен тәулікте Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері 3 адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

«16 маусым күні Қарағанды қасласы Сұрыптау станциясында қыз бала пәтерде жалғыз қалып, әжесіне есікті өздігінен аша алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті. 12-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушылары 3-ші қабаттың балконына үш иінді саты орнатып, пәтерге кірді. Төтеншеліктер 7 жасар қызды үш иінді баспалдақпен эвакуациялап, әжесіне тапсырды»,- делінген хабарламада.

Тағы бір оқиға Абай қаласында болды. Құтқарушыларға туыстарынан егде жастағы әйел есігін ашпайды және телефон қоңырауларына жауап бермейді деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген №21 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары балкон арқылы жылжымалы үш иінді баспалдақпен пәтерге кіріп, сыртқы есікті ашып, туыстарын кіргізді. 80 жастағы әйел ұйықтайтын бөлмеде болған және есік пен телефон қоңырауларын естімеген екен.

«Сонда ақ, Қарағанды қаласында егде әйелге көмек қажет болған. Құтқарушылар пәтердің есігін ашып, медициналық жедел жәрдем бригадасын кіргізді»,- делінген хабарламада.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также