Армян нөмірлі көлікті Қазақстанда тіркеу үшін неше теңге керек

2020-06-16 15:00:41
Үкімет қаулысына сәйкес, ондай көліктерді тіркеу үшін 11 946 теңге алынады. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов хабарлады, деп жазады AzattyqRuhy.kz.

«Үкімет қаулысына сәйкес, автокөлікті тіркеу құны – 11 946 теңге. Оның ішінде, тіркеу үшін мәлімет жинау 695 теңгені (0,25АЕК), техникалық паспортына салынатын баж салығы 3 473 теңгені (1,25 АЕК), мемлекеттік нөмір үшін алынатын төлем 7 778 теңгені (2,8 АЕК) құрайды.

Қазақстанда тіркелсе де, көліктердегі нөмірдің түсі сары қалпында қалады. Өйткені, біздің елге тасымалданған көліктер Арменияның уәкілетті органдарында тұрақты тіркеуде тұрады. Бірақ, жаңа нөмірлер көлік иесінің шын мәнінде тұратын өңіріне сәйкес, кодпен беріледі. Рөлдері оң жақта орналасқан көліктер тіркелмейді, өйткені, оларға 2009 жылдан бері тыйым салынған», - деп түсіндірді Түсіпов.