Арнұр Нұртаев: Вакцина сапасы Еуропада қалай тексерілсе, бізде де дәл солай тексеріледі
Арнұр Нұртаев вакцинация жасау үшін құрамына түрлі стабилизаторлар, инактиваторлар мен вирустарды қажет ететін өте күрделі биологиялық реакция қажет екенін айтты. Оның айтуынша, бұл вирусты инактивациялау үшін пайдаланылады.
Тағы бір маңызды мәселе – вакцинадағы ізі бар формальдегидтер мөлшерінің аздығы сонша, сіз оны вакцинадан гөрі су немесе азық-түлік арқылы көптеп қабылдайсыз. Түрлі зерттеулер жүргізілмейді деген қате түсінік бар, зерттеу жиі жүргізіледі. Вакцина жасау кезінде қолданылатын түрлі заттар қауіпсіз. Қазақстанда қазіргі таңда вакцина сапасына қатысты бақылау тиісті дәрежеде емес дегенге айтарым, бүгінде Қазақстандағы зертхана еуропалық сапа стандартына сай келеді. Вакцина сапасы Еуропада қалай тексерілсе, бізде де дәл солай тексеріледі. Біз зертханада вакцинадағы барлық адъюванттар мөлшерін, формальдегидтер көрсеткішін саралаймыз және олардың мөлшері аз екенін нақты айта аламыз, - деді ол.
Айта кету керек, бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова, азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен "Міндетті екпе: қолдаушылар мен қарсы болушылар" атты онлайн кездесу өтті.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.