Тасмағамбетов немере бағып отыр, Мырзахметов карантинде, Бишімбаев стартап жобалармен айналысып жүр

2020-06-16 11:00:43
Экс-шенділердің бүгінгі тыныс-тірлігі жайлы мақалалар сериясын Azattyq Rýhy ұсынады.

Иманғали Тасмағамбетовтің елші қызметінен кеткені туралы былтыр 18 желтоқсанда шыққан ақпарат ел ішінде кәдімгідей дүрбелең туғызды. Саяси элита арасындағы тартыс күшейген тұста танымал тұлға енді қандай қызметке тағайындалар екен деген сұрақтың маңызы арта түсті. Алайда, Ақорда мемлекет басшысының жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатты.

Одан бері алты ай уақыт артта қалды. Иманғали Нұрғалиұлы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болғанда, Алматыда төбе көрсетті. Содан бері белгілі саясаткер бұқара алдына шыққан емес.
Тасмағамбетов немере бағып отыр, Мырзахметов карантинде, Бишімбаев стартап жобалармен айналысып жүр

Тасмағамбетовтің жақын әрі үзеңгілес досы, Қазақстанның Халық әртісі, актер Досхан Жолжақсынов Azattyq Rýhy тілшісіне саясат сахнасынан кеткен белгілі тұлғаның немен айналысып жүргенін айтып берді.

«ТЕПСЕ, ТЕМІР ҮЗЕТІН КЕЗІ ЕДІ ҒОЙ...»

Актердің айтуына қарағанда Иманғали Тасмағамбетовті соңғы рет 17 мамырда көрген. Бірақ телефонмен жиі сөйлесіп тұратынын айтты. Екі-үш күн Алматыда болып, жақында астанаға кетіпті. Жолжақсыновтың айтуынша, негізінен немерелеріне қарайды. Олар екі қалада тұрады екен.

«Ешқандай айтарлықтай жоспары жоқ. Емделіп, демалып, отбасы қасында, немере бүкіл шаруасы осы. Кітап оқиды. Денсаулығына қарайды. Осындай енді. Таяқ ұстап тұрған кәрі емес. 63 жас деген пайғамбардың жасы дегенімізбен, шариғат туралы, пәлсапалық бірдеңені тұжырымдауға, жақсы-жақсы тәлімді әңгімелер айтатын жас қой бұл өзі»,- дейді досы туралы актер.



Жолжақсынов Тасмағамбетов жоғары жақтың шешімін қиналмай қабылдағанын айтты. Бірақ, досы үшін белгілі актердің өзі күйінетін сияқты.

«Айтпаса сөздің атасы өледі. Қызметке келгенде нағыз тепсе темір үзетін кезі еді ғой. Біріншіден,өмірлік тәжіибе де, қызмет, саясат жолында да тәжірибесі жетеді. Енді демалысқа шыққаннан кейінгі тірлігінің түрі осы. Бірақ оның көңілін, көкірегін ашып көру оңай шаруа емес. Өзі мықты азамат болған соң, білдірмейді. Негізі іші-сыртының бәрі көзінен көрініп тұратын тазалығы бар. Бәріміздің тірлігіміз осы енді. Зейнетке шыққан соң, 5-6 тиынды күтеміз. Ол немерелеріміздің ойыншығынан аспай қалады.

Ешқандай қоғамдық жұмысы жоқ. Қолдан келген дүниелерді елшілкте жүргенде де істеді. Сол жақтағы қазақтардың басқосуына да, олардың ұлттық құндылықтарды тануына біраз ықпал жасады. Біраз батырларымыз бен тұлғаларымызға ескерткіштер ашуға себепші болды. Қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазір енді (қызметке- AR) шақырса да бармайтын шығар. Жан жаққа тартуы мүмкін. Билікке қарсылар да, билікті жақтайтындар да. Қоғам болған соң болады»,- деп өкінішін білдірді Жолжақсынов.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ЖАСТАР КОНГЕРСІН БАСҚАРА БЕРЕДІ

Мемлекеттегі ең маңызды посттардың бірінде отырған тағы бір белгілі тұлға жуырда орнын босатты. Қасым-Жомарт Тоқаев 2 мамырда Сенат төрағасының депутаттық өкілеттілігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Тастамағабетовтен кейін, қоғамда ең қызу талқыланған тақырыптың бірі осы болды.

Бір айдан бері жұмыссыз отырған саясаткер шетелге көшіп кетіпті деген дақпырт да тарап жатқан. Сенаттың экс-спикері өткен аптада Жастар конгресі кеңесінде отырыс өткізді. Бұл туралы ұйымның Instagram-дағы рсеми парақшасына видео жарыққа шықты.


View this post on Instagram

???? Кеше біздің кеңсемізге Қазақстан жастары конгресінің Кеңес Төрайымы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева келді. ⠀ ✅ Жиналыс барысында өткен жылғы атқарылған жұмыс туралы есеп беріліп, конгрестіктер алдыңғы жылға жоспарлаған жобаларын таныстырып, мақсаттары және тың идеяларымен бөлісті.???? ⠀ Жиналыс өте қызық, әрі нәтижелі болды. ????☝???? ⠀ ???? Вчера наш офис посетила Председатель Совета Конгресса молодёжи Казахстана Дарига Нурсултановна Назарбаева. ⠀ ✅ В ходе совещания был представлен отчёт о проделанной работе за прошлый год???????? , а также командой КМК были презентованы планируемые на этот год проекты, инициативы и новые .???? ⠀ Совещание прошло очень плодотворно и в очень душевной атмосфере????☝???? ⠀ #jascongress

A post shared by ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ КОНГРЕСІ (@jascongress) on

 

Последние новости