Бір баланың денесі табылды: Түркістан облысында жоғалған оқушылар іздестіріліп жатыр
15 маусым күні күндіз Түркістан облысы Төле би ауданы Біркөлік ауылынан 5 шақырым жердегі «Біркөлік» демалыс аймағында 25 адамнан тұратын топ тау бөктеріне демалуға шыққан. Топ құрамына 3 ересек және 22 оқушы болған.
9 оқушы мен 1 тәрбиеші тауға күндіз шығып келген. Кейіннен тағы 1 тәрбиеші мен 6 оқушы тауға барып, артынша өз бетінше түскен. Ал 3 оқушы адасып кеткен.
Сағат 22:48-де таудан түскен соң, тәрбиеші балалардың жоғалғаны туралы «112» нөміріне ақпарат берген. Сағат 23:00-ден бастап Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының 6 қызметкері мен 1 бірлік техника, Түркістан облыстық ТЖД 10 қызметкері мен 3 бірлік техника, 5 адамнан тұратын жедел медициналық жәрдем бригадасы 1 бірлік техника, полиция бөлімінің 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы балаларды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріскен.
Оқушыларды іздеу жұмыстарына барлығы 23 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.
«Бүгін түнгі сағат 00:58-де Шымкент қалалық ТЖД ЖҚЖ іздестіру тобы жардан құлап кеткен 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тауып, жерге түсірді және полицияға тапсырды», - делінген ТЖК хабарламасында.
Сондай-ақ бүгін таңғы сағат 10:00-де құтқарушылар тауда адасып жүрген 2 оқушының тұрған орнын анықтады. Құтқарушылардың айтуы бойынша олармен ұялы байланыс орнатылған.
«Қазіргі уақытта құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, балаларды түсіру және құтқару бойынша құтқару операциясын жүргізуде. Алайда, тау жартасты әрі биік, тік беткейлі болғандықтан, құтқару жұмыстары қиындай түсуде», - делінген хабарламада.
Құтқару операциясының нәтижесі қосымша хабарланады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.