Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап кеткен. Абырой болғанда, әйел аман қалды. Бұл туралы отбасындағы зорлықпен күресетін SVET қоғамдық қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
SVET қорының мәліметінше, бұл оқиға 28 мамырда Бостандық ауданында болған. Әйел бұрынғы күйеуінен қашып жүрген екен. Алайда ол күндердің бір күнінде олардың баласының күтушісін аңдып келген. Үйге кіріп, бала күтуші әйелді ұрып-соғып, бұрынғы әйеліне шабуылдаған.
"Оны жатын бөлмеге қамап, қорқытып, ұрып-соғып, үш рет пышақ салып, бірнеше дене жарақатын жасаған. Абырой болғанда, аман қалды. Кейін бала күтуші мен көршілері полиция мен жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Полиция ер адамды ұстаған. Бірақ таңғы уақытта ол бостандыққа шығып кеткен", - дейді дереккөз.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, қазір қызға қысым көрсетіліп жатыр. Оны арызды қайтарып алуға мәжбүрлеп жатыр екен. SVET өкілдерінің сөзіне сенсек, олар үш жыл бұрын ажырасқан және ажырасуларына осындай зомбылық пен психологиялық қысым себеп болған.
Алматы полициясы департаменті бұл оқиғаның Бостандық ауданында болғанын растады.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Қажет сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді полицейлер.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии