Қазақстанда 125 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық бар – министр
Қазір елдің 3,2 мың полигонында 125 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық бар. Жыл сайын 5 млн тоннадан астам ТҚҚ жиналады. Коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсімі 5%-ды құрап отыр. Елдегі халықтың 70%-дан астамы қалдықтарды жинау мен шығару қызметтерімен қамтылған, - деді министр.
Министр елдегі полигондардың басым бөлігі (83%) қуаты таусылғанын, олар экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейтінін айтты.
Өңірлерде қоқыс өңдейтін тиісті инфрақұрылым жоқ. 2016 жылы енгізілген ӨКМ әдісінің нәтижесінде ТҚҚ өңдеу үлесі 6 есеге, яғни 2,6-дан 15%-ға ұлғайды. Алайда бұл жеткіліксіз. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30%-ды құрайды, - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Министр өңдеу үлесі жоғары және төмен облыстарды да атап өтті.
Маңғыстау облысында (33%), Алматы облысында (23,3%),Шымкент қаласында (22,7%) жоғары болса, Ақмола (3%), Шығыс Қазақстан (3,3%) және Батыс Қазақстан облысында (8,6%) төмен көрсеткіш тіркеліп отыр, - деді Мырзағалиев.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.