Қазақстандық 13 жасар әнші Данэлия Төлешова АҚШ-тың "America's Got Talent" шоуына қатысып жатыр, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

Данэлияның ән орындаған сәті таланттар шоуының үшінші эпизодына кірді. Ол канадалық әнші Faouzia-ның "Tears of Gold" әнін орындады.

Қазылар алқасы мен шоу қонақтары қазақстандық жасөпірімнің өнерін жоғары бағалады. Ал залда отырған көрермендер орындарынан тұрып, әншіге қошемет көрсетті.