Polisia.kz сайтының жазуынша, оқиға 6 маусым күні болған.
«Заңсыз митингке қатысқан Төлесова қызметтік міндеттерін атқарып тұрған тәртіп сақшысына қарсы күш қолданды», - деп түсіндіреді құқық қорғаушылар.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің айтуынша, қоғам белсендісінің заңға қайшы әрекеті бұлтартпас айғақ ретінде видеожазбамен расталып отыр.
Қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы:
ҚР ҚК-нің 378-ші «Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау» бабы;
ҚР ҚК-нің 380-ші «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Полиция өкілдері бойжеткенге үш жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұрғанын айтады.
8 маусым күні күдікті Төлесова ұсталып, Алматы ПД уақытша қамау изоляторына қамалды.
Вот такие порой выходят на митинги
Опубликовано Ермеком Дауренұлы Суббота, 6 июня 2020 г.
Комментарии