Нұр-Сұлтанда ер адам автокөліктерге пышақ ала жүгірді(ВИДЕО)
Оқиға 8 маусымға қараған түні Абай даңғылы мен Янушкеевич көшесі аумағында болған.
Полицейлер ер адамның жат қылық көрсеткенін жедел басқару орталығының видеобақылау камералары арқылы байқаған. Ол жол бойымен келе жатып, пышағын қайрап, автокөліктерге бас салған, жүргізушілер ол жерден тез кетіп қалған.
Оқиға орнына жеткен полицейлер жанжалқойды ұстап, Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жеткізді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, ол мас болған.
Оқиға орнынан пышақ пен қайрақ алынды, деп хабарлады полиция.
Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.