2020 жылдың 1 мамырына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 11 460 521 бірлік болды. 2020 жылдың қаңтар – сәуір айларындағы жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 978 170 бірлікке көбейді, оның ішінде 1 034 627 жаңа шот ашылды. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
«Жеке зейнетақы шоттарын (бұдан әрі – ЖЗШ) жаппай ашу 2020 жылдың сәуір айына тұспа-тұс келді. Осы айда 954 952 жаңа шот ашылып, соның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) бойынша 941 425 шотты алғаш рет Бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілер ашты.
БЖТ төлеу арқылы ЖЗШ-ны алғаш рет ашып отырған адамдардың ішінде ауыл тұрғындары 57,6% (541 867), ал қала тұрғындары – 42,4%; әйелдер – 60,9% (573 376 шот), ерлер - 39,1% (368 049)»,- делінген хабарламада.
БЖТ төлеу арқылы жаңа шоттар ашу бойынша Қазақстанның ең белсенді өңірі Шымкент болды, мұнда 290 мыңнан астам шот жаңадан ашылды, нақтырақ айтқанда – 292 771, одан кейін Алматы облысы – 137 521 шот, Жамбыл облысы көшбасшылардың үштігін түйіндеп, 82 566 шот ашты.
БЖТ төлеу арқылы жаңадан шот ашқан БЖЗҚ салымшыларының ең көп үлесін 25 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастар – 57,6% (542 069 шот), 25 жастан асқан және 40 жасқа дейінгі азаматтар – 22,1% (207 721), 40 жастан асқан 50 жасқа дейінгі азаматтар – 10,9% (103 437), 50 жастан асқан азаматтар – 9,4% (88 198 жаңа шот) құрады.
«Тек 2020 жылдың сәуір айында ғана 2,98 млн БЖТ төлеуші жалпы сомасы 1,7 млрд.теңге болатын шамамен 3,02 млн жарна аударды. Бұл ретте БЖТ төлеушілердің 56% (немесе 1 673 183 БЖТ төлеуші) ауылдық жердің тұрғындары болса, ал 44% (немесе 1 307 891 төлеуші) қалалық тұрғындар.
БЖТ төлеушілердің саны жағынан өңірлер арасында Шымкент қ. көш бастап тұр, мұнда 2020 жылдың сәуір айында 591 390 төлем жасаушы (19,8%) жарна салды, тізімдегі екінші орынға Алматы қаласы 15,5%-бен (461 460 адам) жайғасса, үздік үштікті 10% (300 574) төлем жасаушы тіркеген Алматы облысы түйіндеді. БЖТ ең аз төленген өңір – Атырау облысы, онда 2,1% (63 946 төлем жасаушы) тіркелген»,- деп хабарлайды БЖЗҚ.
Өздерінің жеке зейнетақы шоттарын биыл кем дегенде бір рет (2020 жылғы қаңтар – сәуір) толықтырған белсенді салымшылардың жалпы саны 8,1 млн.адамды құрады. Ал 2019 жыл бойғы белсенді салымшылардың саны 6,6 млн. адам болатын.
2020 жылғы қаңтар – сәуір айларында түскен жарналардың жиынтық сомасы 347,09 млрд.теңгені құрады. Бұл салыстырмалы түрде алғанда жоғары көрсеткіш және 2019 жылғы осы тәрізді нәтижеден 15% жоғары.
2020 жылдың сәуірінде жеке тұлға-төлеушілер (жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар және басқа да жеке тұлғалар) саны және олардан түскен жарналар сомасы тиісінше 36,5% және 40,5% - ға айтарлықтай төмендегені байқалды.
Бұл ретте 2020 жылдың сәуір айында түскен жарналардың жиынтық сомасы ағымдағы жылдың басындағы орташа айлық түсімдер шегінде қалды, өйткені БЖТ төлеу бойынша жоғары белсенділік байқалды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии