Шымкентте 17 жастағы баланы аяусыз ұрып-соққан бірнеше адамның ішінде жергілікті депутаттың жиені болған деп жазады «Астана» телеарнасы. Ал, полицейлер болса күдіктілердің туыстары жайлы ақпарат білмейміз деп отыр, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Қылмыстың болғанына бірнеше күн өтсе де, тәртіп сақшылары қылмыстың мән-жайын енді ғана мәлімдеді. Айтуларынша, күдікті ретінде 9 адам ұсталған. Олардың бесеуі қамауға алынса, біреуі іздеуде, қалғандары қолхатпен үйлеріне жіберілген.
Күдіктілердің барлығы дерлік әлі кәмелет жасына торлмаған. Енді олар 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Жауапқа облыстық балалар ауруханасының өкілдері де тартылуы мүмкін. Марқұмның туыстары дәрігерлер тиісті көмекті көрсеткен жоқ деп шағымданған.
Еске салайық, Шымкенттегі Маятас шағынауданында 22 мамыр күні оннан астам бозбала 17 жастағы Абзал Өткіровті соққыға жығып, басынан кірпішпен ұрған. Алған ауыр жарақаты салдарынан жасөспірім ауруханада бірнеше күннен кейін қайтыс болды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии