Айжан Есмағамбетова бассейндер мен жағажайларға қатысты талаптарды айтты

Поделиться:
Спорттық нысандар тек жаттығу шаралары үшін ашылады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Адамдар көптеп жиналатын ойын-сауық, мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған. Себебі қазіргі кездегі індетке шалдығудың деңгейі шектеулерді толықтай алып тастауға мүмкіндік бермей тұр», - деді А. Есмағамбетова онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, бассейндерді ашуға да тиісті талаптар қарастырылған.

«Бүгінде бассейндегі әрбір адамда 5 шаршы метрден кем емес аумақ болуы тиіс. Бұл өз кезегінде адамдардың арасындағы арақашықтықты қамтамасыз етеді. Бассейн аумағына қарай оған баратын адамдар саны реттеледі», - деді ол.

«Аквапарктерде және жағажайда арақашықтықты сақтау айтарлықтай қиындау екенін түсінеміз. Алайда, шезлонгтар, кез келген жағажай жабдықтары демалушылар арасында 1,5 метрлік арақашықтықты сақтап орналастырылуы туралы талаптарды қоямыз. Сондықтан жағажайдың аумағын ескере отырып, оған жіберілетін адамдардың саны назарға алынады, яғни олардың саны тұрақты бақылауда болады», - деді А. Есмағамбетова.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также