Бас санитар дәрігер: «Жалақым өскен жоқ»
«Эпидемия кезінде Бас санитар дәрігердің құзіреті артып, жұмысы көбейді. Осыған байланысты сіздің және өңірлердегі бас санитар дәрігерлердің жалақысы көбейді ме? Көбейсе, қанша?» деген сауал жолдады тілші.
«Президенттің тапсырмасы бойынша республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық саладағы қызметкерлердің жалақысына 5 АЕК-тен бастап үстемақы төлеу қарастырылған (1 АЕК – 42 500 теңге авт.). Өңірлер алды, менің айлығым өскен жоқ», - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова брифингте.
Алайда, Бас мемлекеттік санитар дәрігер нақты қанша жалақы алатынын айтқан жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы барлық медициналық қызметкерлердің жалақысын өсіру қажеттігі туралы тапсырма берген.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.