«Бізді отқа тастап жіберіңіз». Саясат Нұрбек Тоқаевтың алдында ашына сөйледі
Отырыста сөз алған «BTS Digital» білім беру жобаларының жетекшісі, Ұлттық кеңес мүшесі Саясат Нұрбек егер мемлекеттік саясаттың бүкіл жұмысын білім саласына бағыттамаса, кейін зардабы қиын болатынын айтты.
«Бірер күн бұрын менің жасым 39-ға толды. Біздің қатарымыз - 80-ші жылғылар жоғалған буын болып есептеледі. Біз қазір үлкен өмірлік таңдау алдында тұрмыз, әрі қарай не істеу керегін білмейміз. Жинаған біліміміз бар, тәжірибе бар, қателіктер де жасадық. Менің жеке кумирім - 1972-92 жылдары Финляндияның білім жөніндегі ұлттық кеңесін басқарған, білім саласын дамытуда өздерін тарихтың отына тастап жіберген буынның жарқын өкілі Эркки Ахо болды. Сондықтан біздің энергиямызды пайдаланыңыздаршы. Біз де өзімізді тарихтың отына тастауға дайынбыз. Себебі, Қазақстанда басқа жол жоқ», - деді Саясат Нұрбек.
Маман білім саласын модернизациялауға арналған бірнеше нақты ұсыныс берді. Олар - цифрлық білім берудің қажеттігі, балабақшаларды лицензиялау, сабақ өткізетін онлайн-платформаларды дамыту, мамандық таңдау және тағы басқа мәселелер.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.