Қызылорда облысының диқандары егiстік алқапты әртаpаптандыру мақсатында соя дақылын егуді дәстүрге айналдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Сейiлбек Нұрымбетовтiң айтуынша, қазiргі таңда соя дақылына нарықта сұраныс бар және мемлекеттік бағдарламалар арқылы бұл өсімдікті өсіруге қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, соя – өңiрдің ауылшаруашылығы саласында қолға алынғaн 9 тың жобаның бiрi.
Сол себепті биылғы жылы аймақта соя дақылының алқабы 290 гектарға ұлғайтылды, – дейді басқарма басшысы.
Былтыр Қармақшы ауданында "Жаңажол" және "Тұрмағамбет" серіктестіктері соя егуді қолға алған еді. Мәселен, "Тұрмағамбет" серіктестігі өткен жылы 20 гектар соя еккен болатын. Ал биыл оның көлемін 100 гектарға ұлғайтты. "Жаңажол" болса, 70 гектар аумаққа егуде. Екі шаруашылық та Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен бірлесіп жұмыс атқаруда.
Институттың жетекші ғылыми қызметкері Өмірзақ Айтмұхамбетовтің айтуынша, аймақтағы шаруашылықтар негізінен сояның "Жансая" сұрпын егіп, тәжірибеден өткізуде. Өсімдік әбден жерсінгенде мол өнім алып, табысқа кенелуге болады.
Сояның пайдасы зор. Оның құрамындағы ақуыз 46 пайызға дейін, өсімдік майы 24 пайызға дейін болады. Сондықтан, оны сүт, ет бағытындағы шаруашылықтарда, медицина саласында, тамақ өнеркәсібінде көп қолданады. Көптеген ас түрлерін өңдеуге де пайдаланады, – деді "Жаңажол" ЖШС-ның директоры Орынбасар Төлепов.
Ол сояны негізінен Алматы облысының кәсіпкерлері көп сатып алатынын жеткізді.
Сояны қоймада сақтап әуре болудың қажеті жоқ. Жинап алып, сата бересің. Экономикалық тиімділігі тағы бар. Бағасы күріштен жоғары. Суды да көп қажет етпейді, – дейді О.Төлепов.
"Тұрмағамбет" серіктестігінің бас агрономы Ғабит Тұңғышбаевтың айтуынша, соядан қалдық қалмайды.
Суды үнемдеп, шығынды азайтқаны өз алдына, дақылы да, сығынды майы да кәдеге жаратылады. Мал азық етіп жем дайындауға да болады, – дейді ол.
Сыр өңірінде соя өсіруге ерекше ден қойылды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
27.05.2020
Вынесен приговор экс-акиму Павлодарской области
27.05.2020
Глава государства поручил пересмотреть уголовную ответственность за врачебные ошибки
27.05.2020
Казахстан серьезно отстает от развитых стран по уровню знаний учащихся - К.Токаев
27.05.2020