Ақтөбеде 16 жастағы қыз жоғалып кетті
«Бұл жайында полицияға жоғалған қыздың әкесі хабарласқан. «102» телефон номеріне жүгінген әкесі Ақтөбе мұнай және газ колледжінің 1 курс студенті Батима Амандықтың 25 мамыр күні сағат 11-00-де отбасылық жанжалдан кейін үйден кетіп, оралмағанын айтты. Белгілері: бойы 155-160 см, орта денелі, ұзын шашы қоңыр түсті, бетінде секпілі бар; үстіне қара түсті футболка, ашық көк түсті джинсы шалбар, аяғына ақ түсті кроссовка киген. Үйден бұрын-соңды кетіп көрмеген. Жанында ұялы телефоны жоқ», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметі жоғалған қыз туралы ақпаратты білетін тұрғындардан +7 776 546 66 66 немесе «102» телефон нөміріне хабарласуды сұрайды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.