Қайтыс болған полицейдің әйелі: Мас жүргізуші күйеуіммен бірге жұмыс істеген

Поделиться:
Блок-бекетте қайтыс болған полиция қызметкері Дастан Әбдіқановтың әйелі мас жүргізуші күйеуімен бірге жұмыс істегенін мәлімдеді. Бұл туралы ztb_kz Instagram парақшасы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мас жүргізуші полицияда жұмыс істемейді деген жалған. Ол органның қызметкері болған. Ол күйеуіммен бірге түнгі кезекшілікке шығып жүретін. Олардың түнгі кезегіне өзім тамақ пісіріп беретінмін. Мен күйеуіммен бірге істегендердің түрін танимын. Шындықты айтуларыңызды өтінемін! Жақсы жар мен әкелерді өлтірген адамды жасырмаңыздаршы. Қайтыс болған сүйікті жандардың абыройына нұқсан келтірмеңіздер, - деді Дастан Әбдіқановтың әйелі.

Марқұмның әйелі күйеуінің абыройына нұқсан келтірмей тергеуді әділ өткізуді сұрап отыр.
Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов күдіктінің алты жыл полицияда жұмыс істегенін және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жұмыстан кеткенін мәлімдеген болатын.

Айта кетсек, кеше таңертең Көксай ықшамауданындағы №4 бақылау-өткізу бекетінде BMW маркалы көліктің мас жүргізушісі бетон қоршауды, кейін патрульдік көлікті соққан болатын. Апаттан Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқанов есімді полиция қызметкерлері мерт болды. Тағы бір полиция қызметкері Ербұлан Сейдазым бас сүйегі сынып, қазір ауыр халде ауруханада жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также