Тоқаев жаңа тағайындалған қаржы министріне тапсырма жүктеді

Поделиться:
Мемлекет басшысы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Ерұлан Жамаубаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қаржы министрлігінің негізгі жұмыстары туралы есеп берді.


Атап айтқанда Қазақстан Президентіне республикалық бюджеттің орындалуы мен жоспарлануы, мемлекеттік сатып алулар мен қазынашылық қызмет көрсету ісінің жүзеге асырылуы, мемлекеттік аудит жүргізу, мемлекеттік активтерді басқару, салық және кеден салаларын әкімшілендіру, сондай-ақ, қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау жайында баяндалды.

Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, салық көлемін өсіру, бюджеттік рәсімдерді оңтайландыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және қарыздық шектеулерді сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев салық және кеден салаларын әкімшілендіру, мемлекеттік сатып алу және бюджет үдерісіне қатысты заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовке бірқатар тапсырма берді және Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также