Министр соңғы қоңыраудың қалай өтетінін түсіндірді

2020-05-20 13:00:49
Министр соңғы қоңыраудың қалай өтетінін түсіндірді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда мектеп түлектерінің соңғы қоңырауы қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Кеше бұл мәселені аппараттық кеңесте талқыладық. Соңғы қоңырау секілді бөлек шара болмайды, бірақ бұл дәстүрлі түрде оқудың соңғы күні - 25 мамыр, 9 және 11-сыныптар бітіріп жатыр. Төртінші тоқсанда сабақтар қашықтан өтіп жатқандықтан және 25 мамырда мектепте ешкім болмайтындықтан, соңғы қоңырауды дәстүрлі түрде ұйымдастырылмайды.

25 мамырда соңғы қоңырауды онлайн форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. Мен телеарна арқылы құттықтаймын, қазір дайындап жатырмыз. Содан соң әр мектепте сынып жетекшілері, мұғалімдер сынып сағаты форматында тиісті шара ұйымдастырады деп жоспарладық. Жылды қорытындылау керек, еңбек еткен, жетістікке жеткен балаларды мадақтау керек", - деді БҒМ басшысы онлайн-брифингте.

Министрдің айтуынша, мектеп түлектеріне 3-4 маусымда аттестаттар табысталады.

"Қазіргі жағдайға қарамастан, 3-4 маусымда аттестаттар беріледі. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен ақылдастық, түсіндік. Сондықтан 3-4 маусымда 11-сынып оқушыларына аттестаттарды салтанатты түрде табыстап, соңғы қоңырауды қосып жібереміз. Бұл - әр мектеп түлегі үшін маңызды күн", - деді Аймағамбетов.

Министр қатысушыларға тиісті шектеулер мен санитарлық талаптар қойылатынын атап өтті.

"Біз үшін балаларымыздың, мұғалімдердің қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан көшеде, ашық жерде маска тағу керек. Сондай-ақ екі адамнан артық қонақ ертіп келе алмайды. Адам көп жиналмауы үшін әр сынып табыстау шарасын бөлек өткізеді. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы жолақ сызылады. Біз маска мен респираторлардың болуын талап етеміз. Санитарлық нормалар сақталу керек", - деп түйіндеді білім министр
Просмотров материала: 0

 

Последние новости

20.05.2020
Казахстанским водителям больше не нужно носить с собой все документы для проверки
20.05.2020
Алматыда қоғамдық көлік жұмысының уақыты ұзартылды
20.05.2020
Казахстанцам запретят продажу подержанных автозапчастей без техпаспорта
20.05.2020
Елімізде көліктің қосалқы бөлшектерін техникалық паспортсыз сатуға тыйым салынады
20.05.2020
В Туркестанской области фермеры массово запрашивают сертификаты на раннеспелую капусту
20.05.2020
Атыраулық полицей 30 мың теңге пара алғаны үшін шенінен айырылып, қызметінен қуылды
20.05.2020
Среди сотрудников Тенгиза выявлено 712 зараженных КВИ
20.05.2020
Қазақстандық жүргізушілер алдағы уақытта тек жеке куәлікпен көлік жүргізе беретін болады