Бас прокуратура хабарлағандай, Астана қаласының Есіл аудандық сотымен 2018 жылғы 13 наурызда «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (бұдан әрі – «ҚДТ») қозғалысы Қазақстан Республикасының барлық аумағында оның қызметіне тыйым салумен экстремистік ұйым деп танылған, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«2019 жылғы желтоқсаннан бастап тыйым салынған «ҚДТ» көшбасшылары оның атауын «Көше партиясына» өзгерту жөнінде шаралар қабылдады. Бұл жаңа атаумен «ҚДТ» экстремистік әрекетін жалғастыру үшін және жауаптылықтан жалтару мақсатында жасалған. Аталған мән-жайлар Ішкі істер министрлігімен жүргізілудегі «ҚДТ» экстремистік әрекетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзінің объективті растауын тапты. Алынған материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша сарапшылар «ҚДТ» «Көше партиясы» қозғалысына өзгергені туралы қорытындыға келді. Экстремизмге қарсы іс-қимыл шеңберінде прокуратура «ҚДТ» атауын «Көше партиясы» қозғалысына өзгерту фактісін анықтау туралы сотқа арызбен жүгінді», - делінген.
Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының 2020 жылғы 19 мамырдағы шешімімен аталған арыз қанағаттандырылды.
«Сот «ҚДТ» өз атауын «Көше партиясына» өзгерткенін және олар бір экстремистік ұйым екенін анықтады. Сот Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында «Көше партиясы» деген жаңа атаумен, оның ішінде БАҚ, телекоммуникация желілерін, әлеуметтік желілерді, мессенджерлер мен бейне-хостингтерді пайдалану, ақпараттық материалдарды тарату жолымен «КДТ» қызметіне тыйым салды. Азаматтық процестік кодекстің 243-бабына сәйкес соттың аталған шешімі дереу орындалуға жіберілді», - делінген жазбада.
Жоғарыда келтірілген 2018 жылғы 13 наурыздағы және 2020 жылғы 19 мамырдағы сот шешімдеріне сай көрсетілген экстремистік ұйымның «ҚДТ» деген атауымен де, «Көше партиясы» деген жаңа аталыммен де қызметіне тыйым салынған.
«Прокуратура туралы» Заңның 32-бабында көзделген өкілеттікті іске асыру шеңберінде Бас прокуратура құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аталған сот шешімінің негізінде енді:
«ҚДТ» ұйымының қызметіне, оның ішінде «Көше партиясы» деген жаңа атауымен кез келген түрде қатысуға;
«ҚДТ»/«Көше партиясы» идеяларын насихаттау және қолдау, осы мақсаттарда жарияланымдарды, парақшаларды және өзге де ақпараттық материалдарды кез келген құралдармен және тәсілдермен дайындау, шығару, көбейту және таратуға;
«ҚДТ»/«Көше партиясы» атынан немесе оны қолдауға митингілер, демонстрациялар, жария акцияларын және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
ақшаны немесе өзге де мүлікті ұсыну және жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдық, демеушілік және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету жолымен «КДТ»/«Көше партиясы» қызметін қаржыландыруға тыйым салынғанын түсіндіреді.
Бас прокуратура заңмен тыйым салынған аталған әрекеттерді жасау Қылмыстық кодекстің 182 (экстремистік топқа қатысу), 258 (экстремизмді қаржыландыру) және 405 - (экстремистік ұйымға қатысу) баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын айтты.
«Барлық осы құрамдар бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, экстремистік қылмыстарға жатқызылған, қылмыстық жауаптылыққа тарту және жазаны өтеу үшін ескіру мерзімі жоқ. Оларды жасаған адамдарға шартты түрде соттау, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаны өтеуін кейінге қалдыру және жеңілдету, рақымшылық және кешірім жасау қолданылмайды. Сондай-ақ, олар татуласуына және кепілгерлігіне орай қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатыла алмайды (ҚК-нің 63, 68-78-баптары). Бұл ретте, Қылмыстық кодекске сәйкес экстремистік ұйымның қызметіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адамдар қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады», - делінген.
Осыны ескере отырып, Бас прокуратура азаматтарды «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының, оның ішінде «Көше партиясы» деген жаңа атауымен әрекет ететін көшбасшылардың шақыруына ермеуге, оның қызметіне қатысудан қалыс қалуға шақырды.

Просмотров материала: 0