Атырауда сәбиін жылу құбырының үстіне тастап кеткен ана сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл оқиға Атырауда биылғы қыста болған. Батыс Қазақстан облысының 21 жастағы тұрғыны жаңа туған сәбиін жылу құбырының үстіне тастап кеткен. Қақаған қыста далада қалған сәбидің жылаған даусын көп қабатты үйдің тұрғыны естіп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер жүрек соғысы төмендеген сәбиді аман алып қалды. Ал, полиция қызметкерлері «көкек» ананы 3 күннен соң ұстаған еді.
«Сотталушыға ҚР Қылмыстық Кодекстің 119-бабы, 2-бөлігімен (Көмексiз қалдырылған адамның денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан қауiптi жағдайда қалдыру) айып тағылды. Айыпталушы өзінің жасаған әрекетін толық мойындап, процесуалдық келісім жасау жөнінде ұсыныс білдірді. Сот оны кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады» -деп Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Просмотров материала: 0