Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 3 жасар бүлдіршін Арыс өзеніне батып кеткен. Шымкенттен келген сүңгіурлер кішкентай қыздың мәйітін бір күннен соң тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Шымкент қалалық ТЖД мәліметінше, қайғылы жағдай Арыс ауылдық округінің Керейіт ауылында орын алған. Кішкентай қыз кәмелетке толмаған ағаларымен бірге балық аулауға барып, абайсызда Арыс өзеніне батып кеткен. Ауыл тұрғындары кешке дейін іздестіру жұмыстарын жүргізіп, болмаған соң шымкенттік құтқарушыларды шақыртқан.
«Оқиға орнына 6 құтқарушы арнайы техника мен жүзу құралымен жеткен. Сүңгуір-іздеу тобы кешкі сағат 17: 34-те ауылға келіп,баланы іздеуге кіріскен. 18 мамыр күні күндізгі сағат 12:07-де бүлдіршіннің денесі болжамды оқиға орнынан 1,5 шақырым қашықтықта көпірдің астынан табылған» делінген хабарламада.

Просмотров материала: 118