Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мектеп түлектері үшін мереке ұйымдастыруға қатысты тыйымдарды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап өтілгендей, мектепті аяқтауға байланысты түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға жол берілмейді. Мәселен, аниматорлар, мерекелік агенттіктер мен жеке студиялардың қызметін тартуға, кешті салтанатты түрде өткізуге, аста-төк дастархан жаюға, қымбат көлік жалдауға тыйым салынады.

«Сонымен қатар, мектептегі іс-шараларға қаражат жинауға жол берілмейді», - деді Ләззат Жылқыбаева онлайн-брифинг барысында.

Бұған дейін қала әкімдігі соңғы қоңырау қалай өтетіні туралы айтқан болатын.

Просмотров материала: 118