Биыл киік саны 330 мыңнан асуы мүмкін 2

Поделиться:
Биыл киік саны 330 мыңнан асуы тиіс. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мамырдың басында басталған киіктердің төлдеуі күні кеше аяқталды. Биылғы көктем жайма-шуақ, ақбөкендердің еш уайымсыз төлдеуіне ыңғайлы болды. Бетпақдала, Орал және Үстірт популяцияларында төлдеу әртүрлі уақытта басталса да, бірдей кезеңде аяқталды. Жез киіктің қорғаны болған инспекторлар әр облыста сақтық жұмыстарын жіті жүргізді. Дала кезген «Охотзоопром» және облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялардың инспекторлары күндіз-түні тыным таппай еңбек етті», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.

Оның атап өтуінше, табиғат сақшылары жас құралайлардың өсіп-өнуінен бастап, олардың ұрпақ жалғастыруына, болашақтың аманатын жеткізуі үшін жыл 12 ай қызмет атқарады.

«Жазды өткізіп, мизам туғанда биылғы санақты өткіземіз. Амандық болса, былтырғы 334 мың межеден асуымыз керек», - деді ол.




Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также