ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев банктер мен жеке компанияларға QR-код арқылы қызмет көрсетуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кеше eGov порталынан қызметтерді алуда QR-код енгізуді жоспарлап отырғанымызды жаздым. Өздеріңіз білесіздер, электрондық қолтаңба электрондық үкімет порталынан бөлек салық төлеушілер кабинетінде, мемлекеттік сатып алу сайтында, сот кабинетінде жұмыс істеу үшін талап етіледі. Біз ведомствоаралық комиссия отырысында басқа мемлекеттік органдардағы әріптестерімізге өз порталдарында балама ретінде ұқсас сервисті енгізуді ұсындық. Бұл азаматтардың барлық мемлекеттік қызметті QR-кодты мобильді қосымша арқылы сканерлей отырып, оңай алуы үшін қажет», - деп жазды министр Facebook парақшасында.
Оның атап өтуінше, іс жүзінде eGov mobile мемлекеттік сервистермен жұмыс істеуде басты құралға айналады және компьютерге түрлі бағдарламаларды орнатудың қажеті болмайды.
«Сонымен қатар, қолданушылардың көбі компьютердегімен салыстырғанда смартфондағы ЭЦҚ-ны пайдалану әлдеқайда ыңғайлы және оңай екенін айтуда. Айтпақшы, біз осындай мүмкіндікті болашақта банктер мен жеке компанияларға енгізуді ұсынбақпыз. Дәл осы принцип бойынша, яғни түрлі парольдерді есте сақтамай-ақ, eGov mobile қосымшасын пайдалану арқылы олардың ресурстарындағы қажетті қызметтерді алуға болар еді», - деді Асқар Жұмағалиев.

Просмотров материала: 0