Төтенше жағдайлар комитеті және «Қазселденқорғау» мекемесі сел, сырғыма қауіпті кезеңіне дайындық, мұздақ көлдерде тексеру және суды қауіпсіз деңгейге төмендету бойынша алдын алу жұмысын ұйымдастырды. Бұл жөнінде комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Наурыз-мамыр айларында «Қазселденқорғау» ММ мамандары Түркістан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында 17 көшкін процесін және 5 сел тіркегенін атап өту қажет.
Биыл осы қауіпті гидрогеологиялық құбылыстардың көбеюіне қарқынды қар еру және мол жауын-шашын түсуі себеп болды. Соның салдарынан топырақта ылғал артқан (2 метрге дейін), ал ол сел мен көшкін процестеріне әкелді.
Қазіргі таңда төмен таулы аймақтарда тұрғын үй мен басқа құрылыстардың, автожолдардың және инженерлік коммуникациялардың ретсіз интенсивті салынуы жалғасуда. Тұрғын үй құрылысы тау беткейіне жүктемені арттырды, ол инженерлік-геологиялық процестердің жандануына әкелді.
Биыл «Қазселденқорғау» ММ мамандары ТЖД және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қауіпті учаскелерде 366 жерүсті шолуын өткізді. Сондай-ақ Ақсай, Карғалы, Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Ұзынқарғалы, Қаскелең, Биен, Ақсу, Басқан, Сарқан, Лепсі, Есік, Күнгей Алатау, Қора, Чажа, Көксу, Өсек, Корғас (Алматы облысы), Громотуха, Уба, Тұрғысын (ШҚО) өзендерінің бассейндерінде 6 аэрокөзбен шолу жүргізілді.
Көшкін мен сел туралы ескерту үшін өзен арналарындағы қауіпті учаскелерде және автожолдарда 214-ке жуық ақпараттық қалқан және ескерту белгісі қойылды. Ұйым-кәсіпорын басшылары, сондай-ақ бау-бақша қоғамдары ТЖД-мен бірлесіп 800 хабарлама-ұсыным берді, 947 брошюра таратты.
Паспорттаудан кейін мұздық және үйінді көлдердің саны 942 болды (Алматы облысы – 680, ШҚО – 146, Түркістан облысы – 44, Алматы қаласы – 45, Жамбыл облысы - 27). Шілде және қыркүйекке дейін 17 мұздақ көлде алдын алу іс-шараларын, атап айтқанда канал мен сифон орнату, жарылыс және жер жұмыстарын жүргізу көзделген.
Таулы өзендердің гидрометеорологиялық жағдайын бағалау және бақылау үшін 106 бекет және 29 диспетчерлік пункт тәуліктік мониторинг ұйымдастырған. Сел мен көшкін кезінде дер кезінде әрекет ету үшін авариялық-механикаландылырған 12 бригада құрылған.

Просмотров материала: 5