Кеше Шымкентте Арыстағы жарылыс бойынша сот отырысы басталды. Бұл оқиға бойынша 16 адам сот алдына келді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Арыстағы жарылысқа қатысты күдікке ілінген әскерилер сот алдында жауап бере бастады. Күдіктілер саны - 16. Шымкент гарнизоны әскери сотындағы істе жәбірленушілердің саны мың жарым адамнан көп.
Телеарна мәліметінше, күдікке ілінген әскерилердің барлығы Арыстағы жарылысқа дейін шенді офицерлер болған. Мәселен, № 44859 әскери бөлімінің командирі мен оның артиллериялық оқ-дәрі орналасқан қоймаға жетекшілік еткен орынбасары бар. Екі офицерге Қылмыстық кодекстің "Жарылғыш заттарды қолдану ережелерін бұзу" және "Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелу" бабымен іс қозғалған. Іс 400 томнан асып кеткен.
Еске салайық, былтыр 24 маусымда Арыс қаласындағы жарылғыш заттар сақталған қоймада жарылыс болған еді. Апат салдарынан бір тұрғын мен екі әскери қызметкер қаза тапқан. 200-ден аса адам түрлі жарақат алған еді. Арасында балалар да болған. Ол кезде Арыс қаласының бүкіл тұрғыны көшірілген.

Просмотров материала: 0