Кеше Түркістан облысында қатты жауған нөсер жаңбыр салдарынан 3 ауданда өзендер мен каналдар тасып, ондаған үйді су шайып кеткен еді. Онлайн-брифингте соңғы мәліметтерді жариялаған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов табиғи апаттан келген шығындар туралы айтты, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«Кеше сағат кешкі бестен аса Төле би ауданы Қасқасу ауылдық огругі Жоғарғы Қасқасу ауылында Қасқасу өзені тасып, 4 көпірді, 37 аула аумағын және 4 үйді су шайды. Ленгер қаласында – 20, Екпінді ауылында – 28, Ынтымақ ауылында – 28 аулаға, тағы да басқа елдімекендердің үй аулаларына су кірді. 947 текше метр су сорылды. Сұлтан-Рабат ауылындағы 128 үй ауласына су кіргендіктен, Ленгердегі №8 кәсіптік-техникалық колледжге 70 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 32 бала бар. 80 адам туыстарына кетті», - деді С.Қалқаманов.
Бүгін Төле би ауданына Өмірзақ Шөкеев барып, халықпен кездесіп, штаб отырысын өткізген. Ауданда адам шығыны жоқ. 8 бас мал өлген.
Аймаққа Мақтарал ауданында тасқын салдарымен күресіп жатқан жеке құрамның 18 адамы, 2 техника және 10 мотопомпа жіберіліпті. Жалпы, қазір ауданда 12 сусорғыш, 6 техника мен 79 адам жұмыс істеп жатыр.
Ал, Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі Қаржан ауылында екі аула аумағын және бір емхананың іргелес аумағын, Жігілген ауылдық округі Айнатас ауылында 4 аула аумағын су басқан.
«Төтенше жағдай департаментінің күшімен Көкбел ауылына – 133 адам, оның ішінде 45 бала ішінара эвакуацияланды. Аталған аймақта арықтарды тазалау жұмысы жүргізілді», - деді әкім орынбасары.
Бәйдібек ауданында Ақбастау ауылдық округіндегі Тұтарық каналында судың төгілуі салдарынан Қаратас, Боралдай елдімекендерінде 13 ауланы су басқан.
«Аймақтан – 55 адам, оның ішінде 18 бала Ақбастау ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепке эвакуацияланды. Барлығы 130 текше метр су сорылды», - деді С.Қалқаманов.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Бақытжан Запаровтың айтуынша, нөсер жаңбыр тағы жауса, басқа да аудандарды су шаюы мүмкін.
«Бадам өзеніне де су құйылды. Ол өзендегі су Ордабасы ауданынан өтіп, Арыс өзеніне құяды. Ол жақты да қазір жеке құрам сусорғыштармен бақылап тұр. Егер тағы да осындай нөсер жаңбыр жауса Арыс өзені де көтерілуі мүмкін. Сондықтан Арыстың, Ордабасының мотопомпаларын алған жоқпыз, өздеріне қажет», - деді Б.Запаров.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, алдағы екі күнде де облыста жаңбыр жауып, қатты жел тұрады.

Просмотров материала: 0