«ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген азаматтардың саны 131 471 адамды құрайды, оның ішінде 111 017 – биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454 – колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері»,- делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар үшін ҰБТ-2020 құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды.