Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық мамандарды тәжірибе алмасуға шақырды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов хабарлады. Оның айтуынша, Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі мен Денсаулық сақтау министрі кездесуінде коронавирустың алдын алу мақсатында қазақстандық медицина мамандарын Қытайда тәжірибе алмасу жағдайы талқыланған, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«Дәрігерлерді 2-3 аптаға Бейжің қаласына жіберу жоспарланып отыр. Тәжірибе алмасуға баратын дәрігерлердің тізімі әлі бекітілген жоқ. Бірақ, баратын мамандар әр өңірден іріктеліп алынады. Шығынды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өтейді. Сондай-ақ Қытайға баратын әр маманның жұмыс орны да шығынды өтеуге көмектеседі», - деді ол онлайн-брифингте.
Сондай-ақ Сержан Айдосов коронавируспен күресте тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанға келген қытай мамандардың жұмысын қорытындылады.
«Қытайдан келген дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастар жатқан инфекциялық провизорлық стационарларға барған жоқ. Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларға баруға тыйым салды. Сондықтан біз оларды вирустан ада стационарларға апардық. Қытай дәрігерлері Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында жүргенде, адамдардың карантин шараларына немқұрайлы қарайтынына таңғалды. 3-4 адамнан топтасып жүрген тұрғындарды көріп, басын шайқағаны рас. Олардың айтуынша, Қытай халқы сақтық шараларын қатаң ұстанады. Көшеде бей-берекет жүрмейді. Сондықтан Уханьда вирустың таралуын тез арада ауыздықтау мүмкін болған», - дейді С. Айдосов.
Қытайлық мамандармен бірлесе отырып, оперативті штаб базасында 10 мыңнан астам дәрігерге 20-ға жуық вебинар өткізілген.
«Клиникалық протокол деген бар. Бұл маңызды құжатта науқастарды қалай емдеу керектігі, қандай препараттарды қолданған дұрыс екені жазылады. Сәуір айының өзінде бұл құжатты жаңадан 6 рет жазып шықтық. Ал, клиникалық протоколдың 7-нұсқасы Қытайдан келген әріптестермен ақылдаса отырып, одан бөлек Израиль, Оңтүстік Корея, Канада, Германия секілді елдердің тәжірибесіне сүйене отырып жазылды», - дейді орталық директорының орынбасары.

Просмотров материала: 0