Мәжілісте "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары мүгедектігі бар отбасы мүшесін бағып отырған ата-анаға немесе қамқоршыға әлеуметтік қызметкер мәртебесін беріп, жалақы төлеуді ұсынды, деп хабарлайды SputnikNews.kz.
Үкімет басшысына жолданған депутаттық сауалда мәжілісмен Магеррам Магеррамов мүгедек жандары бар отбасы мәселесін қозғады.
"Негізінен, олар әйелдер. Арасында мүмкіндігі шектеулі жақындарына қарап отырған жалғызбасты аналар аз емес. Көп жағдайда олар осы себептен де тұрақты жұмысқа орналаса алмайды", - деді Магеррамов.
Айтуынша, олардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға мүмкіндігі жоқ, сондықтан зейнетке шыққанда, тек ең төменгі базалық зейнетақыны місе тұта алады.
Депутаттың ақпаратынша, биыл ең төменгі базалық зейнетақы 17 641 теңгені құрайды.
"Осыған байланысты біз мүгедектігі бар кәмелетке толған немесе ересек отбасы мүшесін күтіп-бағатын ата-анаға немесе қамқоршыға әлеуметтік қызметкер мәртебесін беруді ұсынамыз. Тиісінше олар әлеуметтік қызметкер ретінде жалақы алып, міндетті зейнетақы жарнасын аударады", - деді мәжілісмен.
Депутаттардың пікірінше, бұл мұндай азаматтарға жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, қартайғанда жоғары зейнетақы алуға мүмкіндік береді.

Просмотров материала: 0