Дауға айналған мәселе: Бекболат Тілеуханның түзетулері қабылданбады
Мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасына осындай түзету енгізді.
"Конституцияның 14-бабы, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігі туралы талаптарын сақтау мақсатында "тыныштық режимін" сақтау бойынша уақыт барлығы үшін бірдей болып белгіленді – жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-ден таңғы 10-ға дейін", - деді депутат Зәуреш Аманжолова.
Қолданыстағы заң бойынша қазақстандықтарға 23.00-ден 06.00-ге тыныштықты бұзуға тыйым салынады.
Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.
Тыныштықты бұзғаны үшін қанша айыппұл салынады:
жеке тұлғалар үшін – 5 АЕК немесе 13 890 теңге;
шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін – 20 АЕК немесе 55 560 теңге;
орта кәсіпкерлік субъектілер үшін – 30 АЕК немесе 83 340 теңге;
ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін – 100 АЕК немесе 277 800 теңге.