ҚР Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова журналистердің қазақстандықтарға қашан отбасылық мерекелерді атап өтуге болатыны туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Оның айтуынша, той, беташар, құдалық, ас, тағы да басқа шараларды мейрамханаларда да, үй ауласында да өткізуге әзірге тыйым салынған. Тіпті, оған жиналған адамдар саны аз болса да, коронавирустың жұғу қаупі жоғары.
«Елдегі эпидемиологиялық ахуалға сәйкес, адам көп жиналатын іс-шаралар өткізуге болмайды. Ол жабық жерде өте ме, ашық аспан астында бола ма, айырмашылық жоқ. Себебі, бізде әлі де коронавирус инфекциясы бар. Біз нөлдік көрсеткішке жеткен жоқпыз. Әрине, өмір болған соң бәрі қуанышты атап өткісі келеді. Бірақ, алдымен өзіміз ауру жұқтырып алмауды және өзгеге жұқтырмауды ойлауымыз керек. Сондықтан түсіністікпен қарауды сұраймын. Жағдайды қайтып асқындырып алмайық», - деді ол А.Есмағамбетов ДСМ қабырғасындағы брифингте.
Яғни, той жасауға ел ішінде мүлдем коронавирус жағдайы тіркелмегенде, вирус тек сырттан келгендерден анықталғанда рұқсат беріледі.
«Кеше бір аймақта шектеуге қарамастан ауызашар өткізіпті. Соған қатысқандардың арасынан коронавирус жұқтырғандар табылды. Сондықтан отбасылық шаралар жасауға, қонаққа баруға ерте. Ауызашар жасауға да кеңес бермес едім. Әзірге тек отбасыңызбен байланыста болыңыз. Мерекелік даталарды өткізуге тек жұқтыру деңгейі 2%-дан төмен болғанда, сырттан келгендерден ғана вирус анықталғанда рұқсат беріледі», - деп түсіндірді Бас санитар дәрігер.
Жақында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев той жасауға қашан рұқсат берілетіні жайлы жауап берген еді.

Просмотров материала: 0