Алматыда 18 мамырдан бастап ақылы тұрақтар іске қосылады

Поделиться:
Алматыда 18 мамырдан бастап ақылы тұрақтардың жұмысы қайта жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«18 мамырдан бастап тротуарлық типтегі тұрақтар қайта іске қосылады. Базарлар мен мекемелердің жанындағы алаңдық тұрақтар қашан ашылатыны жақын арада белгілі болады. Карантинге байланысты бұған дейін сатып алған барлық абонементтер мен резиденттік келісімдер автоматты түрде созылатын болады», - деді «AParking» компаниясы Facebook парақшасында.

Алайда әкімдік жұмыстың қайта жанданғанына қарамастан әкімнің өкіміне сәйкес карантиндік шараларды алған жоқ.

«Барлық паркоматтар санитарлық өңделетін болады. Тұрақ ақысын қолғап киіп алып төлеуге, қашықтықты сақтауға кеңес береміз. Ең абзалы онлайн төлем жасаған дұрыс. iOS пен Androidте «Парковки Алматы» мобильді қосымшасын пайдалануға кеңес береміз», - деді компаниядан. Төтенше жағдай кезінде қала тұрақтары ақысыз болған болатын.

Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также